Жұмыртқаны жарылмайтындай етіп қалай пісіруге болады?

0 18

Жұмыртқа қуыруды көпшілік білетін шығар. Әсіресе, жігіт қауымы. Алайда оны асқан кезде жарылып кететін сәттері жиі болады. Ал мұндайды болдырмау үшін не істеу керек? Осы сұрақ көп мазалап, түрлі тағам дайындау тәсілі жазылған кітап пен интернет беттерін ақтара бастадым. Нәтижесінде көмегі тиер деген ниетпен ұсынғалы отырған аз-кем мәлімет таптым. Оқып көріңіздер.

1. Жұмыртқаны шала пісіру үшін. Жұмыртқаны суық суға салсаңыз, судың қайнағанын күтіп, артынша отты басыңыз. Дәл осылай 2 минут бойы қайнататын болсаңыз, жұмыртқаның ағы мен сарысы да сұйық болады. Ал егер 3 минут бойы қайнататын болсаңыз, сарысы сұйық, ағы қатты болады. Тағы бір нұсқасы бар. Жұмыртқаны қайнап тұрған суға салып, 1 минут пісіреміз. Артынша отты өшіріп, 5 минутқа қалдырамыз. Нәтижесінде сарысы сұйық, ағы қатты жұмыртқаны аламыз.

2. Жұмыртқаны толық пісіру. Жұмыртқаны суық суға салып, қайнаған соң отты аздатып, 7-8 минут бойы пісіреміз. Бұдан артық пісіретін болсақ, жұмыртқаның ағы резіңке секілді болып қалады.

3. Жұмыртқа жарылып кетпейтіндей етіп қалай пісіруге болады?

А) 1 литр суға 2 ас қасық тұз салсаңыз, қабығы жарылған жағдайда да ағы сыртқа шықпайды.

Ә) Жұмыртқаны тоңазытқыштан алып бірден қайнап тұрған суға салуға болмайды. Оны ең алдымен жылы суға салып, немесе бөлме температурасына үйренгенше 1 сағатқа қоя тұрғанымыз жөн.

Б) Жұмыртқаның доғал бұрышына ине шаншу керек. Дәл осы жерінде ауа қапшығы орналасқан. Ол қапшық су қайнаған сайын үрлене түседі, артынша қабығының жарылуына әкеліп соқтырады. Егер оны жоғарыдағыдай алдын ала тесіп қоятын болсақ, қиындық жоғалады. Қарапайым физика.

4. Жұмыртқаны кішкене ғана ыдыста қайнатқан жөн. Егер үлкен ыдыста пісіретін болсақ, қайнаған кезде жылжып, бір-бірімен соқтығысады.

Қосымша кеңестер:

1. Жұмыртқаны әлсіз отта пісірген дұрыс.

2. Тауық жаңа басып шығарған жұмыртқаны 1 минуттан артық, яғни 2-3 минут қайнату керек.

3. Жұмыртқа қайнаған соң суық суға салып қойсақ, қабығы жылдам аршылады, әрі қолымыз күймейді.

4. Жұмыртқаның піскен, піспегенін дөңгелетіп көру арқылы тексеруге болады. Егер жылдам айналса, піскен. Ал баяу айналса, әлі піспеген.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.