Ақберен Елгезек: “Осы уақытқа дейін қалам ұстағандар өз ойын еркін айта алмады”

0 468

Жазушы Ақберен Елгезек елдегі 30 жыл бойы жоғары билікке деген қалыптасқан қоғамдық пікірдің орынсыздығын сынап, қазақ жастарының қисық әрекетке бару себебін айтты, деп хабарлайды Zhambylnews.kz ақпарат агенттігі Forbes Қазақстанға сілтеме жасап.

Жазушы пікірінше тәртіпсіздікке қатысқан жастардың рухани кеңістігі тар, білімі таяз.

“Ауылдан шыққан, білімі таяз, рухани дамымаған, ішімдікке құмар жігіттер үшін бұл пайда табудың ең тиімді жолы болып көрінді. Телеарналардағы мәнсіз сериялдар мен шоуларды көріп, танымал болуға еліктейтіндер көп. Олардың тіпті өзіндік ұстаным, қағидалары жоқ. Соның салдарынан жылтыраққа қызығып жүріп, қылмыскер атанады.

Біздің қоғамда 30 жыл бойы жеке адамға табынушылық болды. Ол супермен тәрізді барлық жағдайда құтқаратындай, қажеттілікті беретіндей болып көрінді. Міне, осынша уақыттан кейін бұл қоғамдық жалпы пікір жүйелі түрде жойылды. 

Жазушылар үшін де солай. Осы уақытқа дейін қалам ұстағандар өз ойын еркін айта алмады”,-деді жазушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.