Мойынқұм ауданында дауыс берушілер саны 435

0 53

Былтыр 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауыл округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қалалардың әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы негізде бүгін Мойынқұм ауданы, Мирный ауылының әкімдігіне сайлау өтуде. Ауылда 1 сайлау учаскесі бар, жалпы дауыс берушілер саны 435 , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бүгін аталған ауылдағы номері 326 сайлау учаскесі таңғы 7:00ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.

Саяси науқан барысын Партиялық емес байқау орталығынан 2 байқаушы, «Nur Otan» партиясынан 2 байқаушы қатысып бақылауда.

Қазіргі таңда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.