Ақылды көрінудің алты жолы

0 142

Ақылды болу — бір басқа, ақылды көріну — бір басқа. Алғашқысы – ой мен сананың, таным мен талғамның, иман мен жиғанның жемісі болса, кейінгісі – адамның сыртқы іс-әрекеттерімен байланысты.

Адамзат баласы өзге жаратылыс иелерінен ақылы арқылы ерекшеленеді. Ал ол ақылды «орынды пайдалана білмесең» ақымақ болып кетуің де ғажап емес. Олай болса ақылың жететінін дәлелдеп, жұрт алдында жеке тұлға ретінде көріну үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Қысқа болса, ақылды көрінудің алты жолын тізбелей отырайық.

1. Сөйлеу мәнері

Көп тұста сіздің айтып отырған сөзіңізге емес, сөйлеу мәнеріңізге баса мән беріледі. Тіпті, сіз сөйлеу мәнері арқылы өтірікті де шындай жеткізуіңіз мүмкін. Бұл тұста сізге эмоцияңыз да көмектеседі. Эмоция қосу керек. Себебі сөйлеу мәнерінің қарқыны зор маңызға ие. Гөй-гөйлеп сөйлеуден қарсыласыңыздың іші пысып кетуі мүмкін.

2. Жабық киіну

Жабық киінудің өзі ақылды көрінудің бір белгісі. Мұны бұл күндері зерттеушілер де дәлелдеп отыр. Оның себебі — ашық киінген адам ақылын бір сәт ысырып, тән сұлулығын ғана ойлайды екен.

3. Көзге тура қарап сөйлеу

Қазақ танымында қыз бала ер адамның көзіне тура қарап тіл қатпайды. Ал батыс елдерінде мұндай түсінік жоқ. Олар әңгіме барысында көзге тура қарап сөйлеседі. Негізінен түрлі сұхбаттар мен әңгіме барысында екінші адамның көзіне тура қарап сөйлесу – сенімділік пен көшбасшылықтың белгісі де.

4. Күлкі

Зерттеушілер күлкінің де ақылды көрінуге септігі барын жасырмайды.

5. Сенім

Алға қойған мақсатыңа жету үшін сенім керек. Сенімнің өзі адамды ақылымен танытады. Ақылға салып қарар болсаң, түрлі стеоротиптер мен өзгелердің жағымсыз пікірлері үшін «ақымақ» көрінудің қажеті жоқ.

6. Есіміңді өзгерту

Сіздің есіміңіз айтуға қиындау, бірден есте қаларлықтай болмаса, неге өзгертпеске? Әрине, лақап атқа. Байқасаңыз, танымал адамдардың көпшілігінің шын есімдері басқа. Қарапайым да жеңіл айтылатын есімнің өзі адамның танымалдылығын арттырады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.