Құлағына ен салынған мал құрбандыққа жарамды ма?

0 378

Шалатын құрбандықтың құлағы кесілген болса, яғни ені салынған болса, ол жарамды ма?
Тілік көлемі қаншалықты болуы керек? Бұл сұрақтарға muslim.kz сайтында жауап берілді.

Қадірлі халайық, малды құрбандыққа жарамды деуіміз үшін кейбір кемшіліктен ада болуы шарт.  Сол кемшіліктердің бірі ретінде малдың құлағы мен құйрығының кесілгендігін айтамыз.  Өйткені, Әзірет Әлидің:«Пайғамбарымыз (с.а.у) бізге құрбандық малының екі көзі мен екі құлағы сау болуына мұқият қарауымызды бұйырды» , – дегендігі риуаят етіледі.

Сондықтан, құлағы мен құйрығының жартысынан астамы кесілген болса,  ол мал құрбандыққа жарамсыз, ал  жартысынан аз кесілген болса, құрбандық ретінде шалуға рұқсат. Бұл Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің тұжырымы.  Әбу Ханифа бойынша үштен бірінен көп кесілсе жарамсыз.  Десе де, Әбу Ханифа  екі шәкіртінің пікірін құптағандығы  деректерде бар.

Ендеше, ен салынған малдың құлағының жартысынан көбі аман болса, ол мал құрбандыққа жарамды, — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.