Түсіңде қарбыз көру нені білдіреді?

0 664

Қарбыздың жидек, жеміс немесе тәтті көкөніс екенін айтып, ботаниктер мен ғалымдар дауласса, түстер түсіндірмелері де түсіңде қарбыз көру жағымды өзгерістерге немесе проблемаға деп екіге бөлінеді. Белгілі түс жору кітаптары бойынша түсіңде қарбыз көру нені білдіруі мүмкін екенінің бірнеше нұсқасын ұсынамыз.

Миллердің түс жору кітабы

Ірі жемістер көп ұзамай саған шабыт келетінін, сүйікті шығармышылық түрімен рахаттана айналысатыныңды білдіреді.

Түсіңде қарбыз таңдадың немесе сатып алдың ба? Бұл асығыс шешім қабылдаудың, ойланбай істелген әркеттің белгісі. Бірдеңе істерде, түсіңді еске түсіріп, асықпауға тырыс.

Түсіңде қарбыз өсіру көп күш алған проблемалардың шешілетінін білдіреді.

Жарылған қарбыз — бір қарағанда жағымсыз көрінгенімен, оны түсіңде көрсең, жақында саған барлық қарызды қайтаруы мүмкін.

Қарбыз дәмді емес, піспеген немесе, керісінше, пісіп кеткен болып шықты ма? Ерлер үшін мұндай түс әйелмен болатын оңай емес қарым-қатынасты ескертеді. Ол үшін ақылгөй болу керексіз. Ал әйелдерді мұндай түс күтпеген жерден ойламаған проблемалар шығып, жоспарларды жылдам іске асыру мүмкін болмайтынын ескертеді.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.