Жалпы шұлық пен ішкиімді бірге жуғанда тұрған ештеңе жоқ. Алайда үйде, жанұяда ауру адам болса, онікін бөлек жуған абзал. Әсіресе, баласы бар үйде бұған абай болғаны жөн.
Осылай дейді педиатр мамандар. Олардың айтуынша, микробты тазалаудың ең оңай жолы – қолды үнемі жуып жүру. Барынша сабындап жуған жөн.
Киімге жұғып қалған микробты киім жуатын мәшінемен қанша жусаң да кейде кетпеуі мүмкін. Оның орнына ыстық сумен жусаңыз, микробтар өледі де қалады.
Ал үйде ауру адам жоқ болса, шұлық пен киімдерді араластырып жуа беруге болады. Ал инфекциялық ауруы бар адамдар болса, оның киімін бөлек жуған жөн көрінеді.
Тағы бір айта кетерлігі – қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамның да киімін бөлек жуған жөн екен.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz