Баланы мектепке дайындау: 36 мың теңгеге не алуға болады?

0 29

Жаз бітуге жақын, ал жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Көптеген қазақстандық ата-ана сауда жасап, баласын мектепке дайындап жатыр. Tengri LifeStyle редакциясы оқушыны сабаққа дайындау қанша тұратынын анықтады.

Таяуда оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласына мектеп формасын сатып алғанын айтқан — пиджак, шалбар, екі көйлек пен галстук 36 мың теңгеге шығыпты. Аймағамбетовтің таңдауы қазақстандық өндірушінің костюміне түсіпті.

Портал мектеп оқушыларына арналған, Қазақстанда тігілген киім-кешек бағасы қандай екенін Алматыдағы дүкендердің біріне барып көз жеткізген.

Сонымен, ұл балаға арналған толық жиынтық құны:

жейде — 5000 теңге;
жейде — 6000 теңге;
шалбар — 7000 теңге;
пиджак — 12 000 теңге;
галстук — 1500 теңге;
үш шұлық — 1500 теңге;
иық бау -1000 теңге;
рюкзак — орташа 12 000 теңге
екі майка — 3000 теңге;
аяқкиім — 19900 — 24500 теңге.
Барлығы: 76 900 теңге.

Мұндай сома тек бір баланың формасын алуға жұмсалады. Бұл ретте редакция кеңсе тауарлары мен спорт киімдерін сатып алмаған.

«Колготка, дене шынықтыруға арналған футболканы санамағанда, 96 мың теңге кетті», — деп жазған Желі қолданушысы.

«Кеңсе тауарларын қосыңыз, ол кем дегенде 15 мың теңге», — дейді тағы бір қолданушы.

«Бір сарафанды 35 900 теңгеге сатып алдық», — дейді бір әйел.

«Бұл жерде міндетті түрде тағы бір шалбар мен свитер қажет. Бала бір шалбармен апта бойы жүре алмайды. Сонда тура 100 000 теңге болады. Кеңсе тауарларын санамай, тек киім-кешекті есептесек», — деп жазады әлеуметтік желінің тағы бір қолданушысы.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.