Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бастамасымен алғаш рет аймақ халқы денсаулығына байланысты байланысты мәліметтер базасын біріктіретін ахуалдық орталық ашылмақшы. Облыс бюджеті қаражатына қатысы жоқ жоба демеушілер көмегімен басқарма базасында орналасқан. Оның артықшылығы — барлық емдеу мекемелерінің арнайы тіркеу базасын біріктірілген ашық ақпараттық жүйеде арнайы бақылауға болатындығы. Яғни, басқарма енді облыстағы барлық емдеу орындарындағы бос төсек орындарын, дәрігердің қабылдауын, кезекте тұрғандар тізімін, есепке алынған немесе алынбаған жүкті әйелдер, онкологиялық және туберкулез ауруымен тіркелгендер санын, дәрігерді үйге шақырту бойынша мәліметтер есебін, активтердің орындалуын, пациенттер мен емхана арасындағы кері байланысты, белгіленген көрсеткіш индикаторларының орындалу деңгейін, тіпті еңбекке жарамсыздық парағының электрондық нұсқасының берілуін де бақылай алатын болады.
Күні: 6.01.2023.
Уақыты: 16.00.
Мекен-жайы: Желтоқсан 78 (облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы, 3-қабат)