Достық үйінде Татар этносының көрмесі өтті

0 2

2025 жылдың 28 қарашасында Достық үйінде «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының «Татар-башқұрттардың өнері мен этнографиясындағы ерекшеліктер» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекциялары көрмесі өтті.


Шараға қала тұрғындары мен түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері жиналып, татар халқының мәдениетіне деген қызығушылық пен құрметтің жоғары екенін көрсетті. Көрменің басты мақсаты – халықты өзбек этносының көп қырлы өнерімен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық болмысымен таныстыру болатын.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева мен «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрағасы Фарида Нақыш сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін арнап, көрменің рухани мәніне терең тоқталды.
Экспозицияға ғасырлардан сыр шертетін бірегей туындылар мен этнографиялық, тұрмыстық және сәндік-қолданбалы бұйымдар, картиналар, ұлттық киімдер, кітаптар, музыкалық аспаптар, тағамдар қойылған.
Бірлестіктің осындай мерекесі халықтар арасындағы өзара сыйластықты, түсіністік пен достықты тереңдете түсері анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.