Таразда тұрғын үй аулаларына бейнекамералар орнатылады

0 14

Таразда қоғамдық тәртіпті бақылайтын бейнекамералар санын биыл 500-ге жеткізу көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта облыстық Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының мамандары 200 құрылғы арқылы шаһардағы жағдайды жіті қадағалап тұр. Былтыр соның арқасында тәртіп сақшылары 450-ден астам қылмыстың ізін суытпай ашты. Олардың қатарында әкімшілік құқықбұзушылықтар, біреудің мүлкіне қол салу, тонау, автокөлік ұрлау дерегі жиірек. Енді жаңа камералар тұрғын үйлердің аулаларына, шағын көшелер мен адам аяғы сирек басатын жолдарға да орнатылмақ.

– Сараптама жұмыстары көрсеткендей, шағын аудандар аумағында, тұрғын үйлер маңайында құқықбұзушылықтар көп болып жатады. Сол себептен ІІД басшылығы тарапынан қосымша 300 камера қою туралы ұсыныс жасалып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Соның арқасында біз қылмыстық ахуалды жақсартып, заңбұзушылықтар санын азайтуға қол жеткізбекшіміз,-дейді облыстық ІІД жедел басқару орталығының басшысы  Қалижан Шоңғарбаев.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.