Филиппин президенті 1,2 млн доллардың көліктерін бульдозермен таптатып тастады

0 0

Филиппин президенті Родриго Дутерте жемқорлықпен күрес мақсатында елге заңсыз кіргізілген ондаған люкс санатындағы автомобильдерді бульдозермен таптатып тастады, деп хабарлайды Reuters.

Жалпы құны 1,2 млн долларды құрайтын барлығы 20 көлік жойылған, кейбіреуінің құны 100 мың доллардан асады. Мемлекет басшысы жемқорлық қылмыспен күрестің осындай жолын таңдаған. «Шенуніктер ондай көлікке мінбеуі керек, машиналарды металлға өткізіп, ойыншық жасап шығарыңдар»,- деген мәлімдеме жасады Дутерте.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.