Қазақстан ақ Олимпиададан қанша медаль алуы мүмкін

0 4

Шетелдік экономистер мен спорт журналистері алда келе жатқан қысқы Олимпиада ойындарының қорытындылары туралы өз болжамдарын жариялады, оның ішінде қазақстандық спортшылардың да аттары аталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

23 млн аудиториясы бар 1954 жылдың тамызынан шығып келе жатқан Американың беделді Sports Illustrated журналы Пхенчхандағы Олимпиадада өтетін барлық 102 жарыстың болжамын жариялады. Атақты журналдың пайымынша, қазақстандық спортшыларға екі медаль бұйырып отыр. Фристайл-могул бойынша Дмитрий Рейхард — күміс, шаңғышы Алексей Полторанин қола медаль алатыны болжануда. Ал The Associated Press агенттігі Қазақстанға жалғыз қол медаль «табыстапты». Олар да Дмитрий Рейхардқа сенім білдірген. Ал голландиялық экономистер Элмер Стеркен, Джерард Купер және Фабиан Гейдтің болжамында қазақстандық спортшылардың есімдері мүлдем аталмайды. Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Жалпы, спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.