Қайрат Нұртас оқырмандарына қандай тосын сый жасайтынын айтты

0 4

Өзінің сахналық құны миллион теңге тұратын костьюмдерін Қайрат Нұртас жанкүйерлеріне бірнеше рет сыйлыққа берген еді. Осы жолы сыйлық құны да, түрі де басқа екен.

Бұл жолы әнші жәй сыйлыққа қана емес, желідегі оқырмандарынның арасында байқау жариялап, ұтыстарды жеңімпаз адамдарға бөліп бермекші.

Байқаудың шарты мен ұтыс құнын әнші өзінің желідегі парақшасында жариялады.

«Құрметті оқырмандарым! Менің «Сүйген қалам» атты әніме өз қалаларыңызды видеоға түсіріп жіберіңіздер. Үздік деген жұмыстарды өзім таңдаймын. Үш жеңімпазға 1 млн теңге ұтысты бөліп беремін. Бұдан өзге смартфонды ұтып алуға да мүмкіндіктеріңіз бар. Сәттілік, достар!» — деді әнші.

Бір қызығы, аталмыш байқауға деген ұтыстарды Қайраттың өз қалтасы көтерген бе, әлде демеушілердің көмегімен бе бәймәлім. Десе де, бақтарыңызды сынап көруге тұрарлық сыйлықтар екендігі сөзсіз.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.