Жамбыл облысында газдан уланған адамдар саны 12-ге жетті

0 10

Төтенше жағдайлар жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек күзгі-қысқы жылу кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттер мен азаматтардың газбен улануы жиілей түскенін байқауға болады.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күз мезгіліндегі жылыту маусымынан бастап Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және Өрт сөндіру қызметімен бірлесе отырып тұрғын үй секторларында үнемі профилактикалық рейд өткізіп, жамбылдық жұртшылыққа жаднамалар таратылуда. Осылайша, аталған кезенде жалпы 159 941 тұрғын үйден 40 660 үй тұрғындарына арнайы ескерту сипатындағы жаднамалар үлестірілді.

Айта кеткен жөн Жамбыл облысында жылыту мауысымы 15 қазанда басталса, 20 сәуірде аяқталмақ. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 12 улы газ оқиғасы тіркелген болатын. Нәтижесінде зардап шеккендердің саны бүгінгі күнге дейін 21-ге жетті, оның ішінде 5 бала және 5 азамат қаза тапты.

Мамандардың айтуынша бітелген түтін шығу құбырлары, желдеткіш арналарының жарамсыздығы, сондай-ақ тұрғын үй мен монша ішіндегі газ жабдықтарының дұрыс орнатылмауы секілді себептер улы газбен улануға және адам өліміне әкеліп соғып жатады. Желдету құбырларының жарамдылығы жылына 1 реттен кем тексерілмеуі қажет. Міне осындай қарапайым ережелерді сақтай отырып, қайғының алдын алуға болады. Улы газ пайда болу себептеріне жол бермеңіздер. Улы газбен уланудан абай болыңыздар!

Карина Карташова, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Өрт сөндіру байланыс орталығы пунктінің байланыс аға шебері 

Leave A Reply

Your email address will not be published.