Ірі сауда орталығының алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған

0 6

Шымкенттегі ірі сауда орталығының алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған. Бейнежазбаны Otyrar.KZ ақпараттық порталына сауда орталығының қауіпсіздік қызметі ұсынды. Күзетшілердің сөзінше, олар аула сыпырушыны қорғамақ болған.

«10-шы наурыз күні сағат 18:00 шамасында белгісіз біреулер көшені тазалап жүрген әйелге ұрысып, таспен ұрған. Аула сыпырушы әйел бірден бізден көмек сұрады. Ал күзетшілер әйелге дөрекілік көрсеткендерге ескерту жасады. Осы кезде жолдың арғы бетінен жүгіріп келген жас жігіт бірден күзетшілерге тап берді » — деп қауіпсіздік қызметі мәлімдеме жасады.

Мұнан кейін күзетшілер дабыл қағып өзге де қызметкерлерін шақырған. Кейін «102»-ге хабарласып, жас жігіттерді полицияға тапсырыпты. Сондай-ақ, сауда орталығының қызметкерлері аула сыпырушы әйелге дөрекілік көрсеткендер мас халде болған деп мәлімдеме жасады.

Бұған дейін, Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінің күзетшілері 27 жастағы жігітті соққыға жыққаны туралы хабарлаған едік. Ауыр соққыдан кейін жігіт Жедел жәрдем ауруханасына түскен. Оған жабық ми жарақаты деген диагноз қойылып отыр. Одан бөлек көптеген жарақаттар алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.