Қазақ қызына көзі түскен қытайлық қаза тапты

0 0

Қытайда Қазақ қызына көз салған қытайды қыздың ағасы өлтірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Atajurtjastar.com ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Шыңжаңда Қазақ, Ұйғыр секілді аз ұлттарды Қытаймен туыстастыру саясатымен, оларды бір-бірімен үйлендіруге мәжбірлеу жүргізіліп жатыр.

Шіңгіл ауданының бір отбасындағы 16 жастағы қызына  40 тан асқан ұлты қытай азаматының көзі түсіп, оған зорлықпен  үйленбекші болады.

Бұған қыздың аке-шешесі қарсылық танытқанмен, оларды Шыңжаңдағы «саяси үйрену» лагеріне қамататынын айтып қорқытқан. Бұл сұмдықты естіген қыздың немере ағасы намыстанып, қытайлықты атқа сүйретіп өлтірген. Сол оқиғадан кейін, қызды отбасымен бірге жергілікті сақшылар тұтқындап, қазір олардан ешқандай хабар жоқ.

Жергілікті баспасөз тілшісінің осы іс бойынша Алтай аймақтық қоғам қауіпсіздік мекемесіне хабарласқанмен Қытай органдары жауап бермеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.