Бойжеткен үйде босанып, сәбиі шетінеп кетті деп ойлаған. Бразилияда жаңа туған нәрестені өлді деп көміп тастаған, алайда сәби тірі болып шықты. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Канарана елді мекенінің он бес жасар тұрғыны жуынатын бөлмеде босанған. Дүниеге келген кезде нәрсете жерге құлап кетіп, ес-түссіз жатты, дейді қыздың анасы мен әжесі. Сол кезде олар жаңа туған сәбиді баққа көміп тастамақ болады. Алайда мұны көріп қалған көршісі полицияға хабар берген, — деп жазады The Sun.
Құқық қорғаушылар сәбиді көмгеннен кейін сегіз сағат өткен соң, түн ішінде барады. Олар жерді қазып, нәрсетені шығарып алғанда, жаңа туған қыз бала тіріліп кеткен.
Баланы шұғыл арада ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер бас сүйегіне зақым келгенін айтты. Қазір нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.