Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, Тәуелсіз еліміздің дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Соның нәтижесінде, егемен еліміз жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан — 2050» Стратегиясын қабылдаған, дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген мемлекетке айналды.
Елбасымыз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің 10 міндетін атап көрсетті.
Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сламбекованың айтуынша, Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдар аралығында жалпы сомасы 18,9 млрд.теңгені құрайтын 8 индустриалық жоба іске қосылып, 249 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Биылғы жылы жалпы құны 4 млрд. 897 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 517 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.
- «Тараз Арматура зауыты» құрылыс арматурасын шығару зауыты. Жобаның құны 2 177,0 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы 200 мың тонна, 297 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
- «Kisc» ЖШС –металл құю цехын жаңғырту. Жобаның құны 1870 млн. теңге, бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, жаңғыртудан кейін қуаттылығы жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
- Жеке кәсіпкер «Жанабекова С.С.» — «Кондитер фабрикасы құрылысының 2-ші кезеңі (печенье)». Жоба құны 850,0 млн.теңге. жобаның жылдық қуаттылығы 4500 тонна жылына және ашылатын жаңа жұмыс орындары 70 бірлік.
Тараз қаласының кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қолға алынуда.
Аталған бағытта «Казфосфат» ЖШС 2011-2020 жылдары жаңғырту жоспарын әзірлеген. Бұл жоспарда жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар, күрделі жөндеу және қайта құру кезінде жұмыс жасап тұрған құрылғыларды жаңғырту қарастырылған.
(Жоспарды іске асыру кезінде сомасы 29,4 млрд теңге құрайтын 11 ірі инвестициялық жобалар енгізілген, оның 1,2 млрд теңгесі технологиялық процесті автоматтық жүйеде басқаруға арналған.)
Қазіргі таңда кәсіпорында жаңа технологияларды енгізуге 458,5 млн. теңге жұмсалынып, HP, GPS, Cisco, Oracle, Omnicon, SAP жүйесі сияқты IT-индустриясының әлемдік көшбасшыларының технологияларын қолдануда.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қосымша жеке инвестиция құю арқылы «Казфосфат» ЖШС-ның «Минералды тыңайтқыштар зауыты» «Аммофос 10:46 маркасының өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғырту» жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция 8 млрд. 013,5 млн. теңгені құрап, кәсіпорынның қуаттылығын жылына –220 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыру көзделуде.
Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
Осыған орай, Елбасы:
— кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуді;
— кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыруды тапсырды.
Елбасының айтуынша, бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.
«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Жолдауда аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігі көрсетілді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.
Осы мақсатта алдағы уақытта аграрлық ғылым ең алдымен жаңа технологияларды отандық жағдайға бейімдеп, аграрлық университеттер ауыл шаруашылығы кешенінде ғылыммен айналысатын мамандарды дайындайтын болады.
Елбасы Жолдауының төртінші бағытында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін ары қарай арттыру міндеттелген.
2017 жылы жалпы ұзындығы 55 шақырым жолға жөндеу жұмыстары атқарылып, 35 мың м2. – жол шұнқырлары жөнделді.
Биылғы жылға көше жолдарын жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд. теңге қарастырылып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Мемлекет басшысының бесінші тапсырмасы аясында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа заманауи технологияларды қолдану туралы мәселе қойды.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз «ЭКСПО- 2017» Халықаралық көрмесінде ұсынылған технологияларды қалада енгізу жұмыстарын жүргізудеміз.
Әлем елдерінің озық 105 жобасын іске асыру бойынша жол картасы бекітілді.
Сондай – ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кептелісті азайту мақсатында «ақылды бағдаршамдар» қолданысқа енгізілді. Өткен жылы Балуан Шолақ және Жібек Жолы, Жібек жолы және Самарқанд, Төле би даңғылы және Әл-Фараби, Абай даңғылы және Ташкент, Төле би даңғылы және Аққозиев, Б.Момышұлы және Тәуке хан көшелерінің қиылысында орнатылды. Биылғы жылы бұл жұмыстар өз жалғасын табады, қосымша 3 қиылысқа «ақылды бағдаршамдар» орнату жоспарлануда.
Қаламызда (www.taraz.bus.kz) жолаушылар маршруттарын GPS-навигациялау сайты жұмыс атқарады, бұл сайтты смартфонда қолдану үшін қосымшасы әзірленуде. Төртінші тоқсанда қолданысқа енгізілетін болады.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласында, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қалада нақты іс-тәжірибе бар.
Атап айтқанда, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында қалада 2158 млн.теңгеге 132 үй және қайтарым қаражат есебінен 784 млн.тенгеге 58 үй жөндеуден өтті.
Осы тұрғыда, қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылы қалалық бюджеттен бөлінген 150 млн.теңгеге 6 үй және қайтарым қаражат есебінен 324,5 млн.теңгеге 10 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондықтан, жетiншi тапсырма шеңберiнде Елбасы бiлiм берудiң жаңа сапасына ерекше назар аударды.
Тараз қаласында биылғы жылға білім беру саласын қаржыландыруға 20 млрд. 720 млн. теңге қарастырылған.
Биыл 2 мектеп (2 мектеп (Бәйтерек м/а 1200 орынды, Шөлдала алқабы 900 орынды) пен 1 мектеп жанынан (№24 гимназия жанынан 300 орынды) жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізілуде.
2010 жылы қалада тек 2 жекеменшік балабақша жұмыс істесе, биыл олардың саны қалада 46-ға жетті (45 балабақша, 1 шағын орталық), онда 5078 бала қамтылған.
Үш тілде оқытуға көшу бойынша жалпы 367 мұғалім курсты аяқтап, А2,В1, В2 деңгейінің сертификаттарын иеленсе, бүгінгі күні 195 мұғалім оқытылуда.
Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында эксперименталды-тәжірибелік алаң ашылды. Эксперименттің мақсаты оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеуін, лингвистикалық тілдің құзыреттілігін қалыптастыру, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту болып табылады.
Қаладағы 41 мектепте «Wi-Fi» жүйесімен қамтамасыз етуге 2018 жылға 49 092,0 мың теңге жоспарланды.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында қала мектептерінде қауіпсіз мектеп пилоттық жобасы енгізілді(№41 мектеп-гимназиясы). Оқушыларға арналған карточкалық жүйе арқылы ата-аналар SMS-хабарламамен оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап отырады. Бүгінгі таңда осы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ,білім беру нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаладағы 16 мектепке бейнебақылау камераларын орнатуға қалалық бюджет есебінен 50,7 млн. теңгеге қарастырылды (№№1, 7, 8, 10, 12, 13, 18, 21, 25, 33, 38, 39, 47, 48, 49, 51 орта мектептер).
Мектеп оқушыларының роботтехника саласында білім нәтижелерін ұлғайту мақсатында 5 мектепке (№№1,18,49,53,55 орта мектептер) қалалық бюджеттен қарастырылған 42,2 млн. теңге қаржыға робототехника кабинеттерімен жабдықтау көзделуде.
LEGO Mindstorms конструкторларын сатып алу әр түрлі пәндер бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға және интеграцияланған сабақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік — техникалық білім» жобасын, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында басты басымдық жұмысшы мамандықтарына беріліп, алдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 5 000-ға жуық орын бөлу жоспарланып отыр.
Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі 43,0%-дан 40,1 пайызға дейін төмендеді, оның ішінде өз бетімен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 22,0% пайызға дейін азайды.
Біріңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу – бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақтауға, өзге де елді мекендерден жұмыс табуға, сондай-ақ жұмыс берушілермен тиімді өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Тараз қаласы бойынша Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, Жол картасы аясында штаб құрылған. Жол картасын іске асыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Қазіргі кезде, табысы бар өз бетімен жұмыспен қамтылғандар ішінен әлеуметтік жарналарын өз бетінше аударуға келіскен 4 мыңға жуық адамның келісімі алынып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өңделген жаңа «Жол картасының мониторингі» ақпараттық жүйесіне еңгізілді, бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.
Елбасы өз Жолдауында денсаулық сақтау ісін және дені сау ұлтты негізгі басымдықтардың бірі ретінде атап өтті.
Бұл салада медициналық мекемелердің ауыспалы экономикалық жағдайға бейімделу іс-тәжірибесі бар.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы 32 денсаулық сақтау ұйымына толығымен ақпараттандыру жүйесі енгізілген.
Биыл медициналық ұйымдарда құжаттар электронды форматқа толығымен ауыстырылып, электронды денсаулық паспорты құрылады.
Қала көлемінде созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді. Бұл жедел жәрдемге шақыртуды және стационарлық жағдайда емделу санын төмендетеді.
Елбасының Жолдауында жекешелендіру жоспарын жүзеге асыру ерекше назарға алынған. 2017 жылы 2 ұйым жекешелендіріліп, 6,4 млн. теңге бюджетке аударылды. Тараз қаласы бойынша жалпы 8 нысан сенімгерлік басқаруға берілді (көпшілік демалатын орындар саны 2, ғимараттар мен жайлар саны 6). Жалпы кәсіпкерлер тарапынан бұл бағытта 800 млн. теңге инвестиция тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 400 млн. теңге көлемінде іске асырылды.
Елбасы өз Жолдауының тоғызыншы бағытында заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күресу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін айтып өтті.
Ақпаратты түзету және бұрмалауды азайту мақсатында өткен жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тіркелімі» (ЕРАП) жүйесін әзірледі, жол полициясы үшін 135 планшеттер сатып алынды. Жол полициясы патрульдерінің инспекторы планшеттің көмегімен электронды хаттаманы рәсімдеп, екінші деңгейлі банктер көрсеткен мәліметпен бірден республикалық деректер базасына түседі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттыҚазақстан халқына Жолдауын қала тұрғындарына ақпараттық түсіндіру мақсатында қала әкімінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №3-ө өкімімен 5 қалалық ақпараттық топ құрылды (жалпы 50 адам), олардың құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, оқу орындары мен кәсіпорын басшылары, білікті ұстаздар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер енгізілді.
Елбасы Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша облыстық (15 кездесу) және қалалық ақпараттық топтың мүшелері (41 кездесу) мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдарымен 56 кездесу өткізді.
Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесі бекітіліп, ол бойынша іс-шараларды өткізу қала көлеміндегі кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде, оқу орындарында, саяси партиялардың филиалдарында, қоғамдық келісім үйінде жоспарланып, қала тұрғындарын кеңінен тарту көзделген. Желілік кесте бойынша қалада жалпы 53 іс-шара (26 облыстық (6-жиын, 10-кездесу,4-конференция, 4-«дөңгелек үстел» отырысы, 1-актив отырысы, 1- автокараван) және 27 қалалық іс-шара (18-кездесу, 2-«дөңгелек үстел» отырысы, 2-конференция, 4-жиын, 1-актив отырысы) ұйымдастырылды. Жалпы Жолдауды түсіндіру мақсатында бүгінгі күні қала көлемінде 294 іс-шара өткізіліп, оған қаланың 20 000-нан аса тұрғындары тартылды.
Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіруге арналған жоспарлар бекітілген, жыл ішінде «дөңгелек үстел», семинарлар, конференциялар, кездесулер, жиындар және тағы да басқа шаралар тұрақты өткізілуде.
Жолдауды ақпараттық қолдау жөніндегі 2018 жылға арналған медиа-жоспарға сәйкес, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде 137 мақала жарияланып, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында 98 сюжет көрсетілді.
Елбасы Жолдауын қала тұрғындарына насихаттау мақсатында қаланың орталық көшелерінде 6х3 өлшемді 31 баннер, 4 шағын архитектуралық нысан мен 1 брендмауэр орналастырылды.
Сонымен қатар, Әуежай маңындағы, Қазақ хандығы монументіндегі, ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы ту тұғырларға Жолдаудың логотипі бейнеленген 64 жалауша орнатылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.