Ағзаға су керек. Бұл күнделікті айтылып жүрген өмір қағидасы. Ересек адамның денесінде орташа мөлшерде 5 литр қан бар. Ал, қан плазмасы 92-95% судан тұрады. Қан өз жұмысын тек судың арқасында ғана атқара алады:
• ағзадағы жасушаларға қоректік затты тасымалдайды.
• ұлпаларға өкпеден оттегі тасымалдайды;
• ішкі ағзалардан шығарылған қалдықты бүйрек арқылы сыртқа тасымалдау;
• гомеостазды қамтамасыз етеді, температураны қалыпты ұстап, денеді су мен тұз тепе-теңдігін қалыптастырады.
• Ағзаны қорғайды: лейкоциттер мен нәруызды қан тасымалдайды.
Егер денеде су мөлшері азайса, онда су массасы да азаяды, ол қоюлана түседі. Жүрекке қанды айналдыру қызметі қиындай бастайды. Сондықтан, жүрек бұлшық етінің желінуі жүреді де, ерте миокард инфарктіне алып келеді.
Міне, сондықтан, белсенді жаттығу мен денеге салмақ түсірген кезде ағзаға су көп мөлшерде керек болады.
Су жетіспегеннен бастың ауыратыны рас па?
Иә, рас. Тіпті, су мөлшері 0,1 пайызға азайған жағдайда ми өз жұмыс деңгейін түсіреді.
Мидың жасушаларында 80 пайыздан астам су бар. Су арқылы миға оттегі және глюкоза жеткізеледі. Олар жүйке импульсін тудыруға қатысады, яғни жүйке жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, су мидан зат алмасуға қатысатын өнімдер мен токсиндерді алып шығады.
Егер, денеге сұйықтық жетіспессе, мидың дегидратациясы жүре бастайды. Онымен бірге:
• Шаршаңқылық;
• Есте сақтау қабілеті төмендейді;
• Мидың жұмысы баяулайды;
• Жағымсыз эмоциялар.
Дегидратация көбіне аутизммен ауыратын, Паркинсон мен Альцгеймер дертіне шалдыққандардан байқалған.
Дереккөз: massaget.kz