Көбіміз әлсіздікті, шаршаңқылық пен ұйқышылдықты сезінуіміз мүмкін (әсіресе түстен кейінгі уақытта). Міне, жұмыс уақытында адамның өзін-өзі сергек жүруі үшін келесі кеңестерімізді ұсынамыз:
1. Жұмыстың күш-қайратыңызға сай келуі. Мысалы, маңызды, қиын жұмыстарды түске дейін аяқтап, ал түстен кейінгі уақытқа жеңіл жұмыстарды қалдырыңыз.
2. Ұзақ отырмаңыз. Жұмыс барысында орныңыздан тұрып, жаттығулар жасап тұрыңыз.
3. Кофені көп ішпеңіз. Кофені ұйқыны ашқандай болады, тек уақытша ғана. Шын мәнінде ол ағзаны әлсіретіп тастайды.
4. Жағымды әуен тыңдаңыз. Жағымды әуен тыңдау жүйкені тыныштандырып қана қоймайды, денсаулығымызға да өте пайдалы.
5. Дұрыс ұйықтау. Ол үшін телефон, смартфонды ұйықтар алдында кем дегенде 1-2 сағат бұрын өшіріп тастаңыз. Себебі олар тынығып, ертеңгі күні сергек жүруіңізге кедергі келтіреді.
Дереккөз: massaget.kz