Бақбақ туралы қызықты 10 мәлімет

0 62

Бақбақ – бұл ортаңғы жолақтың барлық жерінде кеңінен кездесетін гүл. Бала кезінде олардың тұқымдарын үрлеу үшін жұмсақ ақ гүлдерді кім жұлып алмады? Бұл көпжылдық гүлдер гүлдеген кезде де, жапырақтары тұқымға орын беріп түскен кезде де әдемі. Сонымен қатар, бақбақ дәстүрлі медицинада белсенді қолданылады. Сонымен, бұл гүл туралы не білесіз?

Бақбақтың кейбір түрлерінің тамыры каучуктан тұрады. Сондықтан бұл түрлерді бір кездері резеңке өндіру мақсатында өсірген. Содан кейін каучук ағаштардан сығып алынды. Бірақ, қазір бақбақ шырынынан резеңке өнімдерін өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бақбақтың жапырақтарынан тосап пен шарап жасайды.

Бақбақтан құтылу оңайға соқпайды. Бұл өсімдік таңғаларлық регенерациялық қабілетке ие және тіпті түбір жүйесі бұзылса да бұл гүлдер жылдам қалыпқа келе алады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кофе тапшылығынан неміс әскерлеріне қуырылған бақбақ тамырын берген. Қуырылған бақтақ тамырынан дайындалған сусын қалыпты кофеге ұқсайды.

Дәстүрлі итальян асханасында бақбақ әртүрлі тағамдарға ингредиент ретінде қосылып, кеңінен қолданылады. Италияда бақбақ тіпті дүкендерде де сатылады. Олар тағам әзірлеуде пайдалану үшін арнайы өсіреді.

Бақбақ тұқымы топыраққа енгенге дейін ауа арқылы жүздеген шақырымдарға ұша береді.

Кавказ тауларының бөктерінен жапырақтары қызылкүрең түсті келген бақбақтың ерекше түрін кездестіруге болады.

Бақбақпен сағатты тексеруге болады. Олар таңғы сағат алтыла ашылып, түстен кейін сағат 15.00-де жабылады.

АҚШ-та Огайо штатында мамыр айының бірінші сенбісінде бақбақ күні мерекеленеді. Бұл күні адамдар киімдерін бақбақпен безендіреді және осы гүлдерден түрлі тағамдар дайындайды.

Бельгияның Ои қаласында бақбақтан сыра қайнатады. Мұнда бұл гүлдерді тіпті паштетке қосады.

Дереккөз: stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.