Сүйелдің түрлері

0 174

Сүйел – жиі кездесетін сырқат. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған. Сырт қарағанда сүйел кесел сияқты көрінбейді. Ол теріге жабысып біткен шағын ғана өзекше өскін. Дегенмен, ол сырт көзге әдемі көрінбейді және сіздің сүйкіміңізге сын болатыны анық. Бүгінде оны кетіру жолдары өте көп. Соған сай сүйелдің де өзіндік бірнеше түрлері бар. 

Сүйелдің үстіңгі беті әдетте мүйізденіп тұрады. Одан қабынудың, ісінудің белгісі байқалмайды және саусақпен басып көргенде ауырмайды. Түсі қалыпты теріден оншалықты ажыратылмайды. Көбінесе қоңыр-сары немесе қоңырқай-ақшыл түсті болып келеді.

Сүйел терінің әр тұсына бір-бірлеп те, топтасып та шыға береді. Жиі шығатын жері – алақан мен саусақтың сырты. Кейде дененің басқа тұстарына да шығады. Бір-біріне жақын орналасқан сүйелдер көбінесе тұтасып, қомақты, тоамақ қотырға айналады. Көбінесе сүйелдің біреуі ірі, қалғандары ұсақ болады. Ал кішкентайлары ірісінің айналасына орналасады. Медицинада оларды «аналық» және «балалық» сүйелдер деп атайды. Кейде сүйел бүкіл денеге де жайылып кетеді. Мұндай жағдай ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті, яғни иммундық жүйесі әлсірегенде кездеседі. Сондықтан мұндай кезде ол тырнақты да зақымдайды. Ауру сезімі күшейеді. Сүйелді адам папилломмасы вирусы туғызады. Соған сай сүйелдің түрлерін бір-бірінен ажырату аса күрделі нәрсе. Оны нақтылау үшін жалпақ қызыл теміретке, тері туберкулезі сияқты аурулармен салыстыра қарастыруға тура келеді. Сүйелге жасалатын емдік шара алдымен ең үлкенінен, аналық сүйелден басталады. Осылай ең көлемдісінен бастап емдегенде оның қалған ұсақтыра өздігінен кетіп қалуы мүмкін. Көбінде сүйелді кетіруге күйдіргіш дәрі-дәрмектер қолданып жатады. Алайда, мұндай емді сүйелдің түрі мен терінің жай-күйіне сәйкестендіріп дерматолог-дәрігер тағайындайды. Себебі, күйдіргіш дәрі-дәрмек қолдану аса сақтықты қажет етеді. Сүйелдің маңайындағы терінің күймеуі, зақымданбауы маңызды. Сүйелдің түрлері

Жалпақ сүйел. Сүйелдің бұл түрін адам папилломмасы вирусының қайсібір түрлері туғызады. Жалпақ сүйел жөңгелек немесе сопақша болып келеді. Денеден  мм шамасында көтеріліп тұрады. Түсі терінің қалыпты түсінен ерешеленбейді. Тек қайсыбір жағдайда ғана қызғылт немесе қоңыр түсті болады. Үсті жұмсақ келеді. Саусақпен басқанда сезілмейді. Жалпақ сүйел бетке, алақанға, иыққа, ерінге, ауыздың шырышты қабығына шығуы мүмкін. Ол жұқпалы болады. Жалпақ сүйелдер кейде бірнеше айдан соң өздігінен жоғалып кетеді. Ал оған емді тек дәрігер белгілейді. Сондықтан денесіне жалпақ сүйел шыққан баланы міндетті түрде дәрігерге көрсету керек.

Табандағы сүйел. Сүйелдің бұл түрі әдетте табанның аяқ киім қысқан тұсында пайда болады. Оның көлемі  мм немесе одан да үлкен болуы мүмкін. Қызарып, мүйізденген тері сияқты көрінеді. Жүрген кезде кәдімгі жара сияқты қатты ауырады. Табандағы сүйел көбінесе әйелдерде, балаларда кездеседі. Мұның басқа сүйелдерден ерекшелігі дәрігерге қаралыпғ ем қабылдамай-ақ, кейде өздігінен кетіп қалады. Алайдатырнақ маңайына және табанға шыққан сүйелдер жанға батады. Кәрілік сүйел. Аты айтқандай егде тартқан адамдарға шығады. Ол дөңгелек, сопақша немесе бұрыш пішінді, ал көлемі жағынан жасымық дәніндей болады. Көбінесе кеудеге, арқаға, бетке шығады. Түсі  сұрғылт сары немесе қызыл қоңыр болып келеді. Кейде теріге сыртқы түрі кәрілік сүйеліне ұқсас кератома деп аталатын өсік шығады. Әр түрлі тітіркендіргіштердің (физикалық, механикалық, химиялық) әсері салдарынан қатерлі ісікке айналуы да мүмкін. Сол себепті теріде мұндай өсіктер пайда болған жағдайда тез арада дәрігерге тексеріліңіз.

Үшкір сүйел. Мұны медицинада үшкір кандилома деп атайды. Бұл вирустың әсерінен пайда болады. Үшкір сүйел көбіне теріге және несеп-жыныс ағзаларының шырышты қабатына шығады. Жеке-жеке де, тұтасып та пайда бола береді.

Сүйелдің бұл түріне емді тек дәрігер жасайды. Көбіне оны сылып тастайды да, орнына йод жағады. Сүйелдің жай-күйіне қарай басқа да емдік шараларды өзі тағайындайды. Үшкір кандилома шыққан бала да, ересек те қоғамдық және жеке бастың гигиенасын мұқият сақтағаны дұрыс.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.