Қолдың температурасы мен ондағы сызықтар сырқатыңызды анықтайтынын білесіз бе?
— Қолыңыз үнемі мұздап жүрсе, онда қан таралуында өзгерістер орын алып, ағзаңыздағы қышқылдар төмендеген болады. Мұны байқасаңыз тез арада дәрумені мол тағамдарды жегеніңіз дұрыс.
— Керісінше, қолыңыз ысып, алақаныңыз от болып жанып тұрса — бауыр қызметін дұрыс атқара алмай жатқаны.
— Ал, алақаныңыз ылғалданып, суланып жүрсе — қалқанша безінде ақау бар деген сөз.
— Қолыңыз қурап, әрі қуқыл тартса — онда уақыт өткізбей дәрігерге көрініңіз.
— Егер, алақаныңыз сарғыш болса — бауыр мен өт жолында өзгерістер болып жатыр.
— Алақаныңыз қызарып жүрсе – бауырыңыз ауырады.
— Ал, қоңырлау болса — өтіңіз қабынғанынан хабар береді.
— Шынашақтарыңыз жансызданып, жиі ұйыса – жүрек-қан тамырларының сыр бере бастағаны.
— Бас бармағыңыздың шынашағы ұйыса — тыныс алу жолдары суықтаған.
— Саусағыңыздың бастары қарақошқыл түске енсе – асқазан ауырып бастағаны.
— Саусақ ұштарындағы ақ дақтар – гемоглобин төмен екенінен хабар береді.
— Саусағыңыздан қызыл түс байқасаңыз – бүйрек пен бауырды узиге түсіріп, тексерткеніңіз дұрыс.
— Егер, оң қолыңыздағы сұқ саусағыңыздың екі жаны қышыса – тоқ ішегіңізде ақау бар болғаны.
— Саусақ буындарын жиі сықырлатсаңыз – ағзаңызда кальций жетіспейді.