Хасанғалиевтар отбасы жансақтау бөлімінде жатыр

0 125

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев және оның жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
⠀
«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан «жағдайы тұрақты» деген сөзі көп үміт және сенім береді», — деді Біржан Хасанғалиев.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.