РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

0 81
ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Облысымыздың 7 ұстазы қатысып, 5-еуі жүлделі орындарға ие болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Светлана Скребец І орын алса, Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Рауан Ошақбаевқа ІІ орын бұйырды. Ал Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологі Анна Соколюк пен Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Абаханова ІІІ орынмен марапатталды. Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Қаймалақова «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының грамотасы табысталды.
Жамбылдық ұстаздарды марапаттарымен құттықтаймын! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!
Leave A Reply

Your email address will not be published.