Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді

0 50

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді.

Мектеп атын қорғаған оқушылар арасынан суырылып алға шығып  география пәнінен Смет Асылхан – 1 орынды, биология пәнінен Рустемова Аяжан – 2 орынды, Ұлан Аяла – 3 орынды иеленді.

Жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылардың жетекшілерін атап өтпеске болмас, шәкірттеріне бар ерік-жігерімен осы жарыста жеңіске жетуіне сеп болған география пәнінің мұғалімі Жақсыбек Сүлейменқұловпен биология пәнінің мұғалімі Әсемгүл Қойшығараеваға мектеп ұжымы алғыс білдірді.

Аталған олимпиаданың басты мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің беделін арттыру.

Айта кетейік, жалпы орта білім беретін мекемелерден 904 оқушы ақтық кезеңде бақ сынасқан болатын. Соның ішінен NIS құрамасы бесінші рет еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы деп танылды.

Зияткерлік мектептердің медалдық қоржыны 60-тан астам түрлі дәрежедегі наградамен толықты, олардың үштен бірі – алтын. NIS өкілдерінің барлығы дерлік құрмет тұғырынан көрінді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.