«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектептің құрылысы басталады

0 15

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 217 мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 217 мектептің құрылысы басталады. Бүгінгі таңда осы нысандарды салу үшін қажетті жер учаскелері анықталып, пайдалану құқығымен бірыңғай операторға берілді. Мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ конкурстық рәсімдер өткізді. Сондай-ақ мердігерлермен шарттар жасау рәсімдерін аяқтауда. Мұнан бөлек, мектеп ғимараттары толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізу және құрылыс-монтаж жұмыстарын кедергісіз бастау үшін жер учаскелерін дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр», — деді вице-министр «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, эскиздік жобаларды әзірлеу мен оларды келісу жұмыстарын жүргізу министрліктің, жергіліктік әкімдіктердің, Білім басқармаларының қатысуымен өткізілді.

«Жалпы, эскиздік жобалар министрлік тарапынан келісілді. Жобалық шешімдерді келісу кезінде бастауыш мектептер мен орта мектептердің аралығында блоктардың болуына, пәндік кабинеттердің, асханалар мен санитарлық тораптардың орналасуына ерекше назар аударылды. Үлкен қалаларда жұртшылық тарапынан мектептерге кірме жолдар мен аялдама мәселесі жиі туындайды. Сондықтан бұл мәселелерді де осы «Жайлы мектеп» жобаларын келісу кезінде ескеретін боламыз», — деді Еділ Оспан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.