Маңызды ақпарат!

0 10

Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады. 

Өңірде терроризмге қарсы операциялар аяқталған жоқ.

Терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасуда.

Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды сұраймыз. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы

Leave A Reply

Your email address will not be published.