Былтырғы 1 ақпаннан бастап Жамбыл облысына 261 580 доза QazCovid-in – отандық вакцина, 421 795 доза Спутник V вакцинасының бірінші компоненті және 383 260 доза екінші компоненті, 60 000 доза Хаят Вакс вакцинасы келді, 34 000 доза КоронаВак вакцинасы, 139 000 Vero Сell Синофарм вакцинасы келді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жалпы өсіммен аймақтағы 637 018 тұрғын бірінші компонентімен, оның ішінде 75 692 азамат отандық, 421 795 тұлға Спутник V, 29 911 тұрғын Хаят Вакс вакцинасымен, 17 000 азамат КоронаВак вакцинасымен және 69 500 тұлға Синофарм вакцинасымен қамтылған. Мұның ішінде 17 812 медицина қызметкерлері, 29 019 білім беру мекемелерінің мамандары, 13 685 арнайы күш қызметшілері, 6 577 (1,1%) мемлекеттік қызметкерлер және де 568 536 (89,5%) басқа да тұлғалар бар.
Екінші компонентімен өсіммен 613 623 азаматқа екпе жүргізілді. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.