Тараз қаласы әкімінің 2022 жылғы 24 ақпандағы өкімімен Жайықбай Шалдаров Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ол 1999 жылы Қазақ химия-технология институтын «экономикалық кибернетика», 2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «құқықтану» және 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық қаржы басқармасында жетекші маманы болып бастаған.
2001-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл және Аққайын аумақтық бөлімдерінің сот орындаушысы;
2004-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бөлім бастығы;
2007-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің орындаушылық өндіріс бойынша орынбасары;
2010-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары;
2013-2018 жылдары Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары;
2018-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы, басшысының орынбасары қызметін атқарған.