Ағымдағы жылдың 15-23 ақпан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен XVIII Халықаралық олимпиадада жамбылдық екі оқушы қола медель иеленді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Облыстағы дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» лицей-интернатының базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша ұйымдастырылған білім додасында жерлестеріміз Салдан Ануар мен Сапыбек Дінмұхамед кіл мықтының арасынан оза шықты.
Ануар «Білім Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, Дінмұхамед биыл осы оқу орнының түлегі атанбақ.
Оқу озаттары осыған дейін де білім бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген облыстың мақтаныштары.