Б. Сапарбаев 112 жастағы әжейді құттықтады

0 11

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықаралық әйелдер мерекесіне орай 112 жастағы әжейді арнайы құттықтап барды. Сонау 1910 жылы туған Күлбарам Сүгірова бүгінде Жамбыл ауданының тұрғыны.

Аймақ басшысы ғасырдан асқан қарт ақжаулықтыға ізгі лебізін жеткізіп, сый-сыяпат жасады.

— Біз өздеріңіздей алдыңғы буын ата-апаларға көп-көп қарыздармыз. Сіздер ашаршылық пен соғыс секілді көптеген қиыншылықты көріп өстіңіздер. Ешбір мойымай, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек еттіңіздер.Сіздердің ғұмыр жолдарыңыз – бүгінгі буын үшін үлгі-өнегеге толы. Сіздер нағыз еңбексүйгіштіктің, елжандылықтың, қайсарлықтың үлгісісіздер.

Әлі де арамызда, немере мен шөберенің, шөпшектің ортасында күліп-ойнап, аман жүре беруіңізге ниеттеспін. Мерекеңізбен!,-деп ықылас білдірген облыс әкімі жақын арада өңірдегі 100-ден, 90-нан асқан қарттардың басын қосып, үлкен игі шара өткізу жоспарда бар екенін айтты.

Өз кезегінде Күлбарам әжей де Мемлекет, облыс басшылығына деген ризашылығын жеткізіп, елімізде бейбітшілік, қоғамда тыныштық болуын тілеп, тұрақтылықтың бағасын білуге шақырды.

Қазыналы қария атанып отырған қарт қазіргі таңда 1 ұл, 2 қызынан 12 немере, 22 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Ол қуғын-сүргін, ашаршылық, соғысты басынан өткізген. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл қант заводында жұмысшы болып істеген.Күндіз қара жұмыстың ортасында болса, түнде майданға жылы қолғап, мойын орағыш, тон тіккен.

Соғыстан кейін «Аса» совхозында қызылша бригадасында қызылшашы болып жұмыс атқарды. Ұзақ жылғы елеулі еңбегі үшін түрлімедальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.