2022 жылы 16 сәуір күні Тараз қаласында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Н.Нұржігітов салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Шекара қызметінің күшті дайындығы мен жұмысын үнемі жетілдіріп отыруда олардың жайлы, заманауи ғимаратта, жаңа техникаларды пайдалана отырып, жұмыс істеуі маңызды.
Өз кезегінде ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаев облыс басшылығына жаңа ғимараттың құрылысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.
Шекарашылар халықтың, елдің мүдделеріне мінсіз қызмет ететініне және қызметтік борышына адал болатынына сенім білдірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҰҚК ШҚ директорының бірінші орынбасары А.Аймурзин, сала ардагерлері, ШҚ-нің әскери қызметшілері және аумақ жұртшылығының өкілдері қатысты.