Жамбыл облысы әкімі бүгін жұмыс сапарымен Талас ауданына келіп, алдымен Үшарал ауылдық округіндегі «Ақбас» шаруа қожалығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қожалық жетекшісі Айгүл Абиева негізінен мал шаруашылығымен айналысатындығын жеткізіп, құрылым иелігінде жер қорынан 1122,7 гектар, жайылымдық және шабындықтан – 420,59 гектар, орман қоры жеріндегі жайылымнан – 4269 гектар алқабы барын айтты.
10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған шаруақожалық қазіргі таңда барлығы 605 бас мүйізді ірі қара, 3297 қой мен ешкі, 300 бас жылқы және 167 түйенің күтімін келтіріп отыр. Қажетті техникалары да жоқ емес. Алайда, қожалық жетекшісі орман қоры жеріндегі жайылымдарға инвестсубсидия бойынша құдық қаздырып, суландыруға мүмкіндігі болмай отырғаның жеткізді. Асқар Исабекұлы ол мәселенін тиісінше шешу жолдары қарастырылатынын айтты.