Облыс әкімі Меркідегі «Сыпатай батыр» ЖШС-нің қант қызылшасының алқабына барды

0 21

Облыс әкімі Меркідегі «Сыпатай батыр» ЖШС-нің қант қызылшасының алқабына ат басын бұрды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаруа қожалық жетекшісі 185 гектарға тәтті түбір еккенін айтып, алқабынан 900-1000 центнерден өнім алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жалпы егіншілікпен айналысатын серіктестік қызылшадан бөлек күздік бидай, жаздық арпа, жоңышқа алқаптарын да жайқалтып, өнімдерін алуда.

60 адамды маусымдық жұмыспен қамтыған шаруа қожалық иесі оларға орташа есеппен 90-100 мың теңге жалақы төлеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.