«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

0 2

Партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің ұсынысымен, орталық аппараттың келісімімен, партия төрағасының бірінші орынбасарының бұйрығымен бұл қызметке Балабек Нарбаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға аймақ басшысы, облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов арнайы таныстырып, сәттілік тіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Балабек Нарбаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «Тас-Өткел» құрылыс мекемелері дирекциясының инженері болып бастаған.
Әр жылдары «Жәнібек и К» фирмасының директоры, «Сұйытылған газ» АҚ директоры, «Мұнай сауда Ойл» ЖШС мұнай базасының басшысы, №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің және жүйке аурулары интернат үйінің директоры болған.

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы, Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі, бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Басқосуда Асқар Исабекұлы филиал аппаратының жұмысын ширатуды тапсырып, жаңа басшы мен ұжымға нақты міндеттер жүктеді. Кемшіліктер мен халықтың мәселесімен шынайы жұмыс жүргізу үшін жүйені қалыптастыру керектігін баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.