Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды

0 1

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды , деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс  әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа дерегі тіркелді, оның 2-і Қордай ауданында, 2-і Тараз қаласында және 1-і Жамбыл ауданында.

Жұма, 17 сәуір күні Қордай ауданында коронавирустың кезекті жағдайы анықталды. Науқас – Қырғыз Республикасының азаматы, жүргізуші. Алматы қаласына жүк артуға келе жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде «Қарасу» өту пунктінде одан ПТР-ға алынған талдау оң нәтиже көрсетті. Науқас арнайы көлікпен Бішкек қаласына жіберілді.

Қалған төрт жағдай 18 сәуір күні анықталған.
Екі науқас – Қордай және Жамбыл аудандарының тұрғындары.
Оның бірі – науқаспен жақын байланыста болған тұлға ретінде Тараз қаласында карантиндік стационарда жатқан 2002 жылы туған қыз бала. Карантиндік стационарға жатқызған күнгі зертханалық талдауы – теріс нәтиже көрсеткенімен, қайталап алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Екіншісі 1991 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол байланыста болған тұлға ретінде үй карантиніне оқшауланып, ПТР-ге алынған талдау оң нәтиже көрсеткен.
Бұдан бөлек екі науқас – Тараз қаласының тұрғындары.
1970 жылы туған әйел дене қызуының жоғарылауына байланысты денсаулық жағдайы бойынша демалыста болған. Алынған талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияның бар екенін анықтаған.

Сондай-ақ, Тараз қаласынан тіркелген екінші науқас –1987 жылы туған әйел. Жүктілігінің 20-аптасын өткізіп жатқан ол жоғары дене қызуы, ентігу мен жөтелге қатысты шағымдарымен емханаға жеткізіліп, КВИ-ға тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Инфекция жұқтырған барлық төрт қазақстандық облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар корпусына жатқызылды.

Үй және жұмыс орындары бойынша ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді. Эпидемиологиялық тексеріс барысында байланыста болған 35 адам анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.