Жамбылдық кәсіпорындардың өндіріс көлемі арттады

0 1

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы кезекті жұмыс сапары бұған дейін облыс әкімдігінде өткен құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге қатысты кеңестің қисынды жалғасы десек те болады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жиында аймақ басшысы асфальтбетон зауыттарын құруды, битумның қажетті мөлшерін жинап, радиаторлар өндірісін ұлғайтуды тапсырған еді. Нақты жағдайдан хабардар болу үшін Бердібек Сапарбаев барлық құрылыс түрлерімен айналысатын «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС-не ат басын бұрды.

Кәсіпорынның асфальтбетон зауыты үлкен және аз қуатты екі өндірістен тұрады. Бірінші жағдайда, сағатына 200 тонна, екіншісінде — 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс материалдары өндірісі қызу жүруде. Кәсіпорын иесі Арман Еділбаев жуырда кірпіш зауытын салуға ниетті екендігін айтып, алайда электр қуатының жетіспеушілігіне қатысты мәселе туындап отырғандығын жеткізді. Бұл орайда облыс әкімі бірден энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровқа аталған жағдайды жан-жақты саралап, ұсынысын білдіруді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.