Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды

0 6

Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Масаншы ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары басталып үлгерді десек, бұл нысан 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды.
Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қарақамер ауылында 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Онда негізінен ауылға келген жас мамандар мен әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанбақ. Одан бөлек, осы ауылдың тұрғыны Қ.Молдасейітовтің демеушілігімен 15 келушіге арналған медициналық емхана салынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.