Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 105-ші жағдайы тіркелді

0 2

27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 105-ші жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас 1972 жылыт туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол күні бұрын дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақ ауруына қатысты шағымдарымен жүгінген болатын. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы расталды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында үш байланыста болған үш тұлға анықталды. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шараларі жүргізілді.

27 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 105 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында — 50, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында — 34, Меркі ауданында — 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында үш оқиға анықталды.

Жалпы дертті жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.