Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандардың саны 148-ге жетті

0 3

Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандардың саны 148-ге жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews” облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы 3 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жағдайы тіркелді.

Байзақ ауданының 1965 жылы туған тұрғыны 2 мамыр күні орталық аудандық ауруханаға дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақтың ауыруына қатысты шағыммен түсіп, ПТР-зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Екінші оқиға да Байзақ ауданында анықталды. 1963 жылы туған ер адам 2 мамыр күні ауруханаға жатқызылған. Зертханалық тексеру кезінде COVID-2019 диагнозы расталды.

Науқастар инфекциялық стационарға тасымалданды. Эпидемиологиялық тексеру барысында байланыста болған 12 тұлға анықталып, карантинге алынды. Талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 148 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында — 69, Байзақ ауданында – 9, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында — 37, Меркі ауданында — 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1. Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған.

Дертті жұқтырғандардың 48-і айығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.