Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау Хатын жеткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардагер Мұсахан Бердібайұлы Бердібаев 99 жаста. Ол ауыр және сұрапыл Сталинград және Курск шайқастарына қатысқан. Қартайғанына қарамастан қарт-майдангер бақуатты.
⠀
Бердібек Сапарбаев құрметті ардагерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық және 100 жасын тойлауын тіледі. Гүл шоқтары, жеміс-жидек себеттері мен бір миллион теңгеге сертификатын тапсырды.
⠀
Әңгіме барысында Мұсахан ата майдандағы ескі күндерді еске алды. Ол соғыс бойы жау оғынан аман қалғанымен, 1945 жылдың басында ол ауыр жараланады. Бес ай ауруханада емделіп, мүгедектік алды.
Жылдар өткен сайын ол соғыс зардабын тартып келеді. Жақында ақсақалдың көру қабілеті нашарлапты. Бірнеше өлеңдер және баталар жинағының авторы. Көптеген немере-шөберелері үшін қария тірі тарих және даналық көзі істпетті. Олар атасының қарттыққа бой алдыруына жол бермейді.
⠀
Сондай-ақ, аймақ басшысы Антонина Павловна Беляеваға да арнайы барып құттықтады. Оның болмысына қарап 93 жаста деп айтпайсыз. Ширақ, ашық-жарқын ол облыс әкімімен әңгіме барысында әзіл-қалжыңдасып отырды.
⠀
Шай үстінде ол 1944 жылы жедел жәрдем пойызына отырып, бүкіл Еуропаны аралап, Жеңіс күнін Кенигсбергте қарсы алғаны туралы қызықты етіп баяндады. 1946 жылы майданнан оралған соң бүкіл өмірін жамбылдық кәсіпорнында жұмыс істеуге арнаған.Облыс әкімі оған Президенттің құттықтауы мен миллион теңгелік сертификат табыстады.
⠀
Біз бәріміз сіз сияқты тұлғаларды құрмет тұтуымыз керек. Ел үшін ең қиын жылдары Сіз өз жеріңізді жаудан қалай қорғау керектігін дәлелдедіңіз. Сол үшін Сіздерге бас иеміз, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.