Ағымдағы жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа екі оқиғасы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Тараз қаласының 1976 жылы туған тұрғыны дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке қатысты шағыммен провизорлық стационарға жатқызылды. ПТР тексерісі оң нәтиже көрсетті.
⠀
Екінші науқас Меркі ауданының 1976 жылы туған тұрғыны медициналық мекемеге дене қызуының жоғарылауына, ентігуге, сырылға қатысты шағымданған. COVID-19-ға талдау қорытындысы оң нәтиже берді.
⠀
Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге орналастырылған. Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.