Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
⠀
1945 жылдың мамыр айы фашизмді жеңген күн ретінде тарихта қалары сөзсіз әрі уақыт өткен сайын мәні арта түседі. Бұл мереке Қазақстан халқы үшін маңызы зор. Екінші дүниежүзілік соғыс майданына Жамбыл облысынан 120 мың адам аттанған. Олардың көпшілігі туған жерінен жырақта жер құшты. Соғыстың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем.
⠀
Жеңіс күні — Отан қорғаушылардың ерлігі мен батылдығының символы. Бұл жеңіс баршаға ортақ. Оған бәрі атсалыса білді. Тыл еңбеккерлері әскерді үздіксіз азық-түлікпен, киім-кешекпен, қару-жарақпен және оқ-дәрімен қамтамасыз етіп, оны жақындатуға өз үлестерін қосты.
⠀
Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері туралы естеліктер халықтың, кейінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталмақ. Біз олардың құрметіне ескерткіштер тұрғызып, есімдерін көшелер мен алаңдарға бердік.
⠀
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
⠀
Батырларға мәңгілік тағзым!
⠀
Сіздерге зор денсаулық пен амандық, берекелі өмір және жарқын болашаққа деген таусылмас үміт тілеймін!
⠀
Құрметпен, Бердібек Сапарбаев
⠀
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.