Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ағымдағы жылдың 20-21 маусым аралығында облыс орталығында карантиндік шаралар күшейтілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында қалада халықтың қозғалысына шектеу қойылады.
Саябақтардың, алаңдардың және скверлердің жұмысына тыйым салынады.
⠀
Субұрқақтарда, «Зербұлақ» демалыс аймағында, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде (Талас өзенінің жағасында, қала арналарында және т.б.) шомылуға тыйым салынады.
⠀
Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдар мен денсаулықтың жалпы ақаулары бар «қауіп тобына» кіретін тұрғындардың аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуы шектеледі.
⠀
Облыс орталығының тұрғындары үйден тыс жерлерде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
⠀
Барлық жерде бетпердесіз жүруге, сонымен қатар бұқаралық отбасылық және спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
⠀