Оралхан Бөкейдің күнделігінен: Өзімді алып, баламды қалдырсаңшы, Аллам!

0 19

10.ІІІ.93.

Бүгін таңертең ертемен Семейге ұшуым керек еді. Бара алмадым. Қырықтың бесіне келгенде, Құдайдан жалбарынып жүріп, бір ұл (Айхан), бір қыз (Айжан) сұрап алдым. Маған деген тағдырдың талқысы көп еді… Енді, енді еңіреуден есімді жиып, шүкіршілік айта берген кезде, аузымнан түсіп қалған ботақаным Айжанымның бүйрегі жазылуы екіталай ауруы бар деген ауыр сөз естідім. Сең соққандай емес-ау, қалың сеңнің астында қалғандай халдемін.

Көзімде жас… Көңілім үйдің пешіндей уілдейді… Құр сүлдерім… Не істеймін? Қайда барамын? Қарағым-ау, жүрегімді қақ айырып, қансыраттың-ау!

Қайтейін? Қайсыбірін айтайын? Өзімді алып, баламды қалдырсаңшы, Аллам!

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан 

Leave A Reply

Your email address will not be published.