Жазушы Сафуан Шаймерденовтің Ғабит Мүсіреповке жазған хаты

0 24

26 сәуір, 1951 ж.

Ғабе!

Мен шынымды айтайыншы: Сіздің алдыңызда әдебиет мәселесі түгіл, былайғы дүнияуи шаруалар жайында да мардымтып ештеңе айта алмай жүрмін. Алдында отырған үлкен адам өзінің батпандаған білімімен, жиырма-отыз жылдық әдеби бай тәжірибесімен басып, тұншықтырып тастардай ма, қалай?! Әрине, жақсы ой, тың пікір болса, қуана қол соғып қуаттайтыныңызды да жақсы білемін. Бірақ әлгі бір ұяңдық, жай ұялушылық емес-ау, қаймығушылық бәрін де жеңіп кете беретін секілді. «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады», – деп кемеңгер Абай бекер айтпаған екен ғой, көңілімде – мезгілсіз дүние салған сүйікті қызыңыз Мара туралы Сізге жұбаныш әкелер ме деген құлпырма сөздерім бар еді, соны ауызымнан шығарсам, әлденені сындырып алатындай көріндім.

Сәлеммен, Сафуан.
Қарағанды қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.