Әміре Қашаубаевтың мүрдесі жоқ — музыкатанушы Жарқын Шәкәрім

0 14

Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубайұлы жөнінде аз жазылып жүрген жоқ. Әміренің жансыз денесі 1934 жылғы қарашаның 5-нен 6-сына қараған түнде Алматы көшелерінің бірінде табылғанымен, бұл өлімге қатысы бар адамдар әлі күнге белгісіз. Сорақысы Әміренің қай жерге жерленгені, мүрдесі, зираты жоғалып кеткен. Әміре жерленген соң арада 30 жыл өткенде 1974 жылы Әміренің өзі орындаған әндері жазылған үнтаспа табылды. Әміре үнтаспасы табылып Мәскеуден әкелгеніміз сол екен, жұртшылық оның мүрдесі қойылған жерді, зиратын іздей бастады. Сол кездегі ақсақалдардың айтуынша Әміре атамыз 1934 жылдың 8 қарашасы күні Алматы қаласындағы Ташкент деп аталатын көшедегі орталық зиратта жерленгені белгілі болды. Көрейік деп іздеп барғанымызда ондағы зиратқа жауапты кезекшілер Әміре мүрдесінің қай жерде жерленгенін білмейтін болып шықты. Тіпті зират кеңсесіндегі 1934 жылы жерленгендер тізімі жазылған журналда Әміре есімі жоқ. Енді Алматыдағы орталық зираттағы Әміре жерленген жерді іздеу міндеті басталды. Шындығын айту керек, жалпы осы жұмыстарға қозғау салған Мәскеуде сақталған әнші дауысының табылуы.

Әміре жерленген жерді, зиратын да таптық, әрине. Баба денесін, мүрдесін ақымдап жерлеген Әбілмәжін Сапақов деген ақсақал әлдеқандай бір алапаттың болатынын сезіп, жерлеген күні зират жанындағы терек ағашына бәкімен «Бұл жерге Әміре Қашаубайұлы жерленген» деп жазып кеткен екен. Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин және мен төртеуіміз орталық зираттан төрт күн іздеп таппадық, бесінші күн дегенде ортамызға Әбілмәжін Сапақов араласып, әнші жерленген жерді бір сәтте-ақ тауып берді. Әрине, Әміре зиратының орны тұрмақ тұқылы да жоқ. Жермен жексен тақыр жер. Тап осы жерде сүйегі жатқанға балап, осыған да қуанысып құран бағыштадық…

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.