Халық арасында «планка» деген атпен белгілі тақтай жаттығуы спортқа бейім адамдар арасында танымал. Оны біраз физикалық жаттығу орнына, кез келген жаста жасауға болады деген пікір бар. Бұл қаншалықты рас? Жаттығудың зияны мен пайдасы қандай? Бұл сұрақтарға кинезитерапевт Валерий Павленко жауап берді.
Дені сау, физикалық дайындығы жақсы адам тақтайды еш зиянсыз істей беруіне болады. Бірақ тақтайдың емдейтін, шыңдайтын компоненті жоқ. Яғни барлық адамға жарай бермейді. Сөйте тұра бұл жаттығуды физикалық дайындығы нашар адам да жасай алады. Тіпті тромбы бар, тамыры жиырылып қалған адам да тақтайша тұра қалып, 1 минут шыдауға дайын. Егер мұндай проблемасы бар адам бұл жаттығуды жасаса, арқа бұлшықеттері түйіріліп, тромбы үзіліп кетуі мүмкін.
Тақтай жаттығуының кемшілігі – мұнда гемодинамика жоқ. Денеге қан жүгірмейді, себебі адам бір қалыпта қатып қалады. Физикалық формасын сақтап жүргендер немесе жаттығу арқылы емделіп жүргендер міндетті түрде бұлшықет жиырылатын жаттығу жасауы керек. Сондықтан тақтайды физикалық жағдайы нашар адамдарға жасауға кеңес бермеймін. Ол адамды аса қатты шыңдамайды, бірақ ағзаға түрлі проблема әкелуі мүмкін.
Тақтай орнына неше түрлі белсенді жаттығу жасауға болады. Мысалы роликпен жасалатын жаттығу.
Бұл жаттығуда «планка» да бар, бұлшықет те жиырылады. Тек дұрыс істей білсеңіз болғаны. Мұнда омыртқа созылып, пресс қатаяды. Арқа, жауырын, дельта бұлшықеттері шынығады.
Жаттығу тізерлеп істеледі. Алға созылғанда арқаны тік ұстап, ішті жерге тигізбеу керек. Созылғанда дем алып, жиырылғанда дем шығарылады. Бұл – өте күрделі жаттығу. Барлығы бірдей жасай алады дей алмаймын. Сондықтан аз-аздан бастаған жөн. Басында денені толық созбай, жартылай созылуға болады.
Дереккөз: massaget.kz